Қазақ тілі кафедрасы апталығында Наурыз мейрамына орай 4-сыныптар аралығында «Наурыз аруы » байқауы өткізілді. Байқауда оқушылар қазақтың салт — дәстүрлері, ұлттық ойындары, ұлттық тағамдары туралы білімдерін, шығармашылық өнерлерін көрсетті.
Мерекелік шараның мақсаты: Қазақтың салт — дәстүрлерін, ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын. оқушылар арасында дәріптеп, қазақ қыздарына тән ұлттық құндылықтарды жастайынан үйрете отырып, ұлт жанашыры, өнегелі, ибалы болуға тәрбиелеу, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.