«№9 Орта мектеп — гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1987 жылы құрылды, 1992 жылдан бастап  білім беру мекемесі «мектеп-гимназия» мәртебесіне ие.

Мақсаты: Білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін тұрақты білім беру жүйесін құру;

Мектеп-гимназияның миссиясы: «Креативті, белсенді, патриоттық, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу».

 Мәселесі:  Мектептің  білім сапасын арттыру мақсатында оқушылар мен педагогтердің ынтымақтастығын дамытуға жағдай жасау»

Әдістемелік тақырып: «Корпоративтік оқыту элементтерін енгізу арқылы педагогикалық процеске қатысушылардың ынтымақтастық дағдыларын дамыту».

Мектеп-гимназияны дамыту бағдарламасының бағыттары:

— Білім беру стандарттарын іске асыру;

— Дарынды балаларды қолдау жүйесі;

— Мұғалімнің кәсіби өсуі;

— Дамыған заманауи мектеп инфрақұрылымы;

— Балалардың денсаулығы-ұлттың байлығы;

— Жаңа жағдайларда білім беру процесін басқаруды қамтамасыз ету.

Достарыңызбен бөлісіңіз
"Ақтөбе қаласының білім бөлімі "№9 орта мектеп - гимназия" КММ